Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Пресса об АПК (KZ) ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР СӨРЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

(KZ) ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР СӨРЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық өндірушілерді қолдауға шақырып, «Қазақстанда жасалған!» жалпыұлттық акциясын өткізуді тапсырғаны белгілі.
Осыған орай, Шымкент қаласындағы сауда орындарында отандық өнімдер үшін арнайы сөрелер орнатылып, онда елімізде өндірілген тауарлар қойылды.

Қаладағы «Фиркан», «Ша­хан» сауда орталықтарында отандық өнім самсап тұр. Жұрт­шылықтың ықыласы шексіз. Қазір тұрғындар отандық азық-түлік пен тұрмыс­тық заттарды сатып алуда белсен­ділік таны­туда. Осылайша, оң­түстік­қазақ­стандықтар елімізде жасалған тауарларды тұтыну арқылы ел экономикасын дамы­туға сүбелі үлес қосатынын ұғы­нып отыр. Бұл туралы baq.kz ақ­парат агент­тігі хабарлады.

Алдағы уақытта қазақстандық өнімдерді насихаттау және тұ­тынушылар көп шоғырланатын өтімді орындарда сату бағытында атқарылатын шаралар өңірдегі ірі сауда орындарында іске асады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта сауда орындарының тауарларға беретін орындарының 50 пайызы отандық кәсіпорындардың өнім­деріне берілуі қажет. Бұл жөнінде Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мыр­захметов мәлім етті.

– Өткен жылдың сәуір-мамыр айларында біз Үкіметпен бірлесіп, отандық кәсіпорындарды қол­дауға қатысты ұсыныс берген бо­ла­тынбыз. Егер отандық өнім­дерді қолдайтын болсақ, сауда ай­налымы туралы заңға өзгеріс ең­гізіп, сауда орындарының тауар­лар­ға беретін орындарының 50 пайызы отандық кәсіпорын­дардың өнімдеріне берілуі қажет. Бұл жөнінде жұмыс жасап жатырмыз. Осы уақытқа дейін үлкен сауда орталықтарының басшыларымен бейнекон­фе­ренция өткізіп, отандық кә­сіпорындардың олардың сөре­леріне жете алмауының себеп­терін талқыладық. Үкімет қазір біздің отандық кәсіпорындардың тауарларының өтуіне 1 млрд-тан 2 млрд-қа дейінгі аралықтағы жобаны қолға алды. Бұл мәселе бойынша нақты заң қабылдан­ғанға дейін үкімет кәсіпорын­дардың шығынын өтеу үшін 1 млрд теңге қарастырылып отыр, ол қаржы әлі де өсуі мүмкін. Қа­зіргі уақытта біз отандық кә­сіпорындарды тығыз жұмыс жа­сауға шықырып жатырмыз, – деді Абылай Мырзахметов.

http://www.aikyn.kz/

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus