Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Видео (KZ) Қазақстанда шығарылатын құс етіне сұраныс артуда

(KZ) Қазақстанда шығарылатын құс етіне сұраныс артуда


Алматы облысы Іле ауданындағы «Сары-Бұлақ» құс фабрикасы алғашқы 10 мың тонна ет өніміндерін шығарды. Алғашында жұмыртқа бастырумен айналысқан шаруашылық 2014 жылдан құс етін де өндіре бастады. Құс фабрикасын тиімді жүргізу үшін ең әуелі азықпен қамтамасыз етуді ойластыру қажет. «Сары-Бұлақта» бұл мәселе ешқандай қиындық тудырмайды. Өйткені сағатына 20 тонна құрама жем шығаратын өз зауыты бар. Құрама жемнің арқасында балапандар 35-40 күннің ішінде ет алады. Нарықтың сұранысына қарай тауық еті тұтастай және бөлшектеліп сатылады. Мұрат Увалиев, «Сары-Бұлақ» құс фабрикасының директоры: — Қазір біздің негізгі нарығымыз бұл енді Қазақстан. Бүкіл облыстарын қамтимыз. Сондай-ақ осы құс етін өзіміздің нарықта ғана емес Ресейге де, Қырғызстанға да, Өзбекстанға да басқа елдерге де шығарып тұрамыз. Бір тауық қорадағы 150 мың балапанды небәрі 2 адам күтіп баптайды. Мұнда барлық жүйе автоматтандырылған. Жалпы құс фабрикасында 500-ге жуық адам істейді. Олардың басым бөлігі жақын маңдағы ауыл тұрғындары. «Сары-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет бағытын дамытуына мемлекеттің берген несиесі септігін тигізген. Соның арқасында шаруашылық қазақстандықтарды сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінгі таңда республикада 56 құс фабрикасы бар. Оның 37-сі жұмыртқа, ал 19-ы бройлер бағытында. Қазақстанда өндірілетін құс етінің артықшылығын мамандар былай түсіндіреді. Руслан Шәріпов, Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті: — Қазақстанда өндірілген зат таза зат. ГМО, антибиотик басқа тағы басқа заттар қосылмаған таза ет. Алдағы уақытта «Сары-Бұлақ» құс фабрикасының басшылары балапан бағатын қосымша орындар салып, кешенді кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл құс етінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Авторлары: Ұлан Нарынбек, Әбен Нарымбаев

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus