Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Пресса об АПК (KZ) Қазақстан Орта Азияда алғаш болып аусыл ауруынан еркiн аймақ мәртебесiн иеленді

(KZ) Қазақстан Орта Азияда алғаш болып аусыл ауруынан еркiн аймақ мәртебесiн иеленді

Қазақстан аусыл ауруынан еркiн аймақ мәртебесiн иеленеді. Бұл туралы Астанада осы мәселеге арналған аймақтық семинар барысында Халықаралық эпизоотикалық бюроның өкілі Казимирас Лукаускас мәлім етті, деп хабарлайды kazakh-tv.kz.
Қазақстанның 9 өңіріне жуық арада Парижде осы дәрежені растайтын арнайы сертификаттар табысталады. Сарапшының айтуынша, бұл мәртебе қазақстандық тауарөндірушілер үшін ірі қара малдың етін бүкіл дүниежүзі бойынша экспорттауға үлкен мүмкіндік ашады.

«Қазақстан Орталық Азияда мұндай сертификаттарға ие болатын бірінші ел. Тіпті көршілес Ресей бұл деңгейге әлі жетпей отыр. Біздің сертификат еттің адам денсаулығы үшін қауіпсіз екенін және оның жоғары сапалы екенін дәлелдейді. Біз өзіміздің анықтамаларымызды дүниежүзілік сауда ұймына да береміз», — дейді Халықаралық эпизоотикалық бюроның шығыс еуропадағы өкілдігінің басшысы Казимирас Лукаускас.

http://bnews.kz/

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus