Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Пресса об АПК (KZ) Ауыл шаруашылығын оң өзгерістер күтеді

(KZ) Ауыл шаруашылығын оң өзгерістер күтеді

Екі жылдан бері, Ауыл шаруашы­лығы министрі С.Мамытбековтің көтеріп жүрген мәселелерінің бірі де бірегейі, ол ауыл шаруашылығының өнім өндірушілеріне мемлекеттен материалдық және қаржылық жәрдем берудің оңды да тиімді жолдары, оларға тікелей қаржылай жәрдем бергеннен, шығындарының едеуір бөлігін мемлекеттік субсидия есебінен төлеп беру болатын. Енді міне, былтыр осы мәселе оңды шешімін тау­ып, «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің қаулысы қабылданды, сөйтіп, ауылшаруашылық кешендері субъектілері шығындарының біраз бөлігін мемлекеттік субсидия есебінен төлеп берудің жаңа ере­жесін бекітті. Бұл қағидалар «Агро­өнеркәсіптік кешенді және ауыл­дық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі заңға сәйкес әзір­ленген және жаңа өндірістік қуат­тарды құруға немесе жұмыс істеп тұр­ғандарын кеңейтуге бағыт­талған инвестициялар кезінде агро­өнер­кәсіптік кешен субъектісі жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру (инвестициялық субсидиялар) тәртібін айқындайды.

Инвестициялық салынымдар кезінде АӨК субъектiлepi жұм­саған шығыстардың бip бөлігінің ор­нын толтыру бойынша субсидия­лаудың негізгі мақсаты капитал сыйым­дылығын төмендету және салынған инвестициялардың өтем­ділігін арттыру жолымен АӨК-тің басым бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды icкe асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Егерде осы қаулы іс жүзінде орындалса, онда, ауыл шаруашылығының тамырына қан жүріп, шаруашылықтар шаруасы дами бастайды, себебі, осы субъектілердің өнім өндіруге кеткен шығындарының 20-дан 80 пайызға дейінгі қаражатын субсидия есебінен жабу қарастырылған, бұл жағдайда өнім өндірушілер аздап болса да пайдаға кенеліп, олардың өндіріске деген қызығушылығы артады.

Мемлекет бірінші рет агро­өнер­­кә­сіп кешені субъектілеріне, шығын­­дарын жабу үшін 20-дан 80 пайыз­ға дейін субсидия бермекші. Бұл ша­руа­ларға өте тиімді, нақтылай жәрдем болады. Мұндай тәсілдер дамыған мемлекеттерде бұрыннан бар. Енді біздің мемлекетте де қолда­нысқа енбегі өте құптарлық қуанышты жағдай, яғни мемлекет ауыл мәселесіне де толық көңіл бөле бастады деп айта аламыз. Мұның барлығы да жалпы ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының көлеміне байланысты. Мәселен, Ресейде ауыл шаруашылығына бөлінетін жалпы қаржының көлемі, ішкі жалпы өнімнің 16 пайызын құраса, ол көрсеткіш Белоруссияда – 24 пайыз, ал Қазақстанда қазіргі күні әлі де 5 пайызға жетпей отыр.

Қаулының қағидаларында орын­­дау жолдары нақтыланып, қо­сым­­шала­рында жобаның паспорты, мақсаты айқын анықталып, фер­мер­лік қожалықтарға техника мен жаб­дықтар сатып алуда, олардың атауы және техникалық сипаттамалары көрсетіліп, бір бірлікке барынша рұқсат етілген құндарына дейін нақты жазылған.

Бұл ауыл шаруашылығының негізгі түрлерін дамытуға, ауқымын кеңейтуге, алға жылжуына үлкен мүмкіндіктер туғызудың бірден-бір тиімді жолдары. Осы мүмкіндіктерді енді өнім өндірушілер дұрыс және тезірек тиісті құжаттарын дайындап, мемлекеттің субсидия үшін бөлінген қаражатын тиімді пайдаланып қалуы керек.

Мен өзім ауыл шаруашылығына елу жылдан астам уақыт еңбек сіңірген азаматпын, әлі де еңбек ету­демін. Одақ кезінде кеңшарда маман болып жиырма жылға жуық қызмет жасадым, ал енді егемен ел болып еңсемізді көтергелі бері де аянбай еңбек етіп, осы саланың дамуына қызмет жасап, мүмкіндігімізді сарқа пайдаланып, білімімізді, тәжірибемізді тәуелсіз мемлекетіміздің өркен­деуіне, жұмсап, шама-шарқым келгенше атсалысып келемін. Менің бұл жерде қадап, нақтылап айтпа­ғым, дәл мұндай мемлекеттік қам­қорлық егемен­дік алғанға дейін де, одан кейін де, ауыл шаруа­шы­лығында бұрын-соңды болмаған еді. Еліміздің экономикасы дамып, Елбасымыздың салиқалы саяса­тының арқасында, осындай салмақ­ты, салиқалы, ауқымды, ең бас­тысы, тауар өндірушілерге өте тиімді қаржылық жәрдем беретін қау­лының қабылдануы, ауыл шаруа­шылығында еңбек етіп, оның қиыншылықтарына төзіп, ата-баба кәсібін тастап кете алмай қиналыста жүрген ұлтымыздың жанашырлары, қайтпас қажырлы халқымыздың өкілдері үшін үлкен серпіліс береді.

Ол үшін Елбасымызға рахметімді айта отырып, ағайынды ауылдық жерлерде ата кәсібімізді дамытуға үлес қосуға шақырамын.

Нұрмаханбет АЙТУҒАНОВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік сыйлықтың

лауреаты.

АЛМАТЫ.

http://egemen.kz/

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus