Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Новости Еліміздегі мал жайылымының ауқымы кеңейтілмек

Еліміздегі мал жайылымының ауқымы кеңейтілмек

Еліміздегі мал жайылымының ауқымы кеңейтілмек

2013-01-29 Жаңалықтар, Қоғам Қарау 16

Еліміздің 8 миллион гектар алқабы мал жайылымына айналады. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бұл шараға 22 миллиард теңге жұмсамақ.

Жобаны «Агробизнес» бағдарламасы қаржыландырып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аталған министрлік нақты іске көшті. 2020 жылға дейін сайын далада 4000 құдық салу көзделіп отыр. Сөйтіп 1 миллион мал басын ауылдан алыс жатқан жайылымда жаюға мүмкіндік туады. Сәйкесінше, елдімекен маңындағы жер қалпына келіп, тұрғындар игілігіне жаратылады. Жобаға қажет 28 миллиард теңгенің 22 миллиарды шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін инвестициялық субсидия болып табылады.

Қанат ЫДЫРЫСОВ,  ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің директоры:

— Жайылымды мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар үшін инвестициялық субсидиялау механизмдері бүгінгі күнде әзірлену үстінде. Бұл субсидиялар 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап төленетін болады. Бүгінгі күнде оның ережелері дайындалуда. 

http://www.24.kz/index.php/zhanalyktar/sotsium/item/%D0%B5l%D1%96m%D1%96zd%D1%96%D2%A3-8-million

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus