Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Новости Елімізде 2020 жылға дейін 4 мың құдық салынады.

Елімізде 2020 жылға дейін 4 мың құдық салынады.

Елімізде 2020 жылғадейін 4 мыңқұдықсалынады. Мамандар осылайша, 8 миллион гектар жерді суландыруды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мақсатқа 22 миллиард теңге бөлмек. Жайылымды суландыру инфрақұрылымын жаңғыртуды Елбасы өткен аптада Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан еді. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі  «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында жайылымды мал шаруашылығына қолдау көрсетпекші. Мамандардың айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын елімізде 30 мыңдай құдық болған. Бірақ, қаржылық дағдарыс кезінде көбінің жұмысы тоқтап қалған. Енді жер көбесі сөгіліп, күн жылынысымен, оларды қалпына келтіру шаралары басталады.  Жалпы, еліміздегі малдың 85 пайызы елді мекендерде шоғырланған. Ондағы жайылымның түрі мәз емес. Мамандар осындай құдықтар салу арқылы төрт түлікке қолайлы жағдай жасамақшы. Бір құдықтың құны  шамамен 4-5 миллион теңгені құрайды. Қанат Ыдырысов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің директоры: Құдықтың екі түрі болады. Шахталы және саңылаулы. Солтүстік батыс аймақта — саңылаулы болса, Оңтүстік аймақта шахталы болады. Ол жердің топырағына, су шығуына байланысты.  Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ http://kaztrk.kz/kaz/news/society/2013-2020_zhildari_4000_kudik_salinadi.html

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus