Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Новости Қазақстан Қытайға жеткізетін ауыл шаруашылығы өнімін сертификаттайды

Қазақстан Қытайға жеткізетін ауыл шаруашылығы өнімін сертификаттайды

Қазақстан Орталық Азияның ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттап, одан кейін Қытайға экспорттайтын болады.

Бұл туралы Қытайда «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісіне берген сұхбатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

«Қазір ҚХР-мен ауыл шаруашылығы өнімдерімізді тездетіп тестілеу және оның сапа сәйкестігін растау үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз», — деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде ШҚО немесе Алматы облысында Сапаны қадағалау, инспекция және карантин бас басқармасының талаптарына сәйкес техникалық жарақталған және олармен аккредителген зертханалар құру бойынша жобаларды іске асыру басталды.

«Бұл нені білдіреді? Бұл ертең қазақстандық фермерлер, сондай-ақ орта азиялық өңірден фермерлер Қытайға өнімді жеткізген кезде Қазақстан аумағындағы осы зертханаларда өнімді сертификаттай алады. Тест нәтижелері Қытайда қайта тексерілмейді — оларға сенім білдіріледі», — деді ол.

Еске сала кетсек, 14 мамыр күні Қазақстаннан Қытайға экспортталатын балға қойылатын Санитарлық талаптар, инспекция және карантин жөніндегі хаттамаға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі мен ҚХР-дың Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасының (СҚИКББ) төрағасы қол қойды. Келісім Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына сапары барысында жасалды

Дерек көзі: ҚазАқпарат
ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика