Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Пресса об АПК (KZ) Жалпы салық жүктемесіндегі жер салығының үлесі артады – А.Мамытбеков

(KZ) Жалпы салық жүктемесіндегі жер салығының үлесі артады – А.Мамытбеков

ҚР Үкіметі Ауыл шаруашылығы министрлігінің «АӨК субъектілеріне салық салу мәселесі бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынысын қолдады. Осы арқылы жер салығын арттырып, есесіне кей салық түрлерін азайтып, енді бірін тіпті алып тастау қарастырылған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.
АСТАНА ҚАЛАСЫ17 Маусым, 16:36
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар мәселелерді шешу мақсатында салық кодексі мен ауыл шаруашылық бағытындағы салық салу секілді мәселелерге қатысты өзге де бірқатар заңдарға өзгерістер пакеті ұсынылды. Өздеріңіз де білесіздер, жерді тиімсіз пайдалану мен әкімшілік сипаттағы шаралар мен оны хаттауға қатысты бірқатар мәселелердің бары жасырын емес. Біз бұл түйінді тарқату мақсатында тиімді пайдаланудың экономикалық ынталандыруына жүгінбекпіз», — дейді А.Мамытбеков.
Сонымен қатар, министр жер салығының артатыны туралы айтып, салық жүктемесін арттырмау мақсатында бірқатар салық түрлерін қысқарту мен кейбірінің алынып тасталатынын хабарлады.
«Қазіргі таңда жалпы салық жүктемесінденгі жер салығының үлесі өте төмен. Осыған байланысты жер салығын арттытып, бірқатар салық түрлерін қысқарту мен кейбірінің алынып тастау керек. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жер салығы артқанымен, өзге салық түрлері азайтылып, қазіргі қалпында қала бермек», — дейді министр.
А.Мамытбеков жергілікті атқарушы органдардың жер салығын 10 есеге дейін арттыру құқығының берілетінін айтты.
«Жерді пайдаланбайтын кәсіпкерліктер тиісінше жерден өз деңгейінде пайда таппайды. Осыған орай салық көтерілген жағдайда олар жерді пайдалануға кіріседі немесе оны мемлекетке қайтарады. Немесе өзге біреумен біріге отырып өз кәсіптерін дамытады. Жергілікті атқарушы органдарға жер салығын 10 есеге дейін арттыру құқығы беріледі. Осылайша біз экономикалық дамуға алғышарт қалыптастырамыз», — дейді.
Индира Кауметова

http://strategy2050.kz

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus