Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Видео (KZ) Субсидия беру жүйесін автоматтандыру жоспарлануда

(KZ) Субсидия беру жүйесін автоматтандыру жоспарлануда


Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау жүйесі өзгертілмек. Бұл туралы еліміздің ұлттық экономика министрінің орынбасары Марат Құсайынов мәлімдеді. Яғни, болашақта субсидия дайын ауылшаруашылық өніміне берілетін болады.

Субсидия беру жүйесін автоматтандыру жоспарда бар. Бұл шешім қаржыны бөлу үдерісін ашық жүргізуге септігін тигізеді. Аталмыш өзгерістер тұқым, мал және балық шаруашылығы салаларында енгізіледі. Вице-министрдің айтуынша, жаңа тәсіл шығарылатын өнім көлемін арттырып, сапасын жақсартпақ.

Марат Құсайынов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары
— Субсидиялау жүйесін жаңартудың бірнеше себептері бар. Олар біздің субсидиялау құралдарының құрылымының Дүниежүзілік сауда ұйымы және экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымдарының талаптарына сай келмеуі, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына берілетін субсидиялардың кең ауқымы. Ал, қазіргі уақытта қаражатты негізінен ірі шаруашылықтар алып отыр.

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus