Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Пресса об АПК (KZ) ШЕКАРАДАН РЕСЕЙ ШЕГІРТКЕСІ ӨТТІ…

(KZ) ШЕКАРАДАН РЕСЕЙ ШЕГІРТКЕСІ ӨТТІ…

23a8f2bc7583f9c4d617670f208061a8
Еліміздің өсімдіктерді қорғау қызметі мамандары Ресейден үйірлі шегірткелердің (итальяндық прус) ұшып келіп жатқанын айтып дабыл қағып отыр.
Маусым айының соңы мен шілде айының басында Ресейдің Орынбор облысының шекаралас аудандарынан Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданының аумағына және Қостанай облысының Қамысты ауданының аумағына шегірткенің ұшып-қонуы байқалуда. Сондай-ақ Челябі облысының Варнинский ауданының тұсынан Қазақстан аумағына шегіртке тектес зиянкестердің өту фактілері тіркелген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте айтылды.
Шекаралас аумақтарда үйірлі шегірт­келердің таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруа­шылығы министрлігі химиялық өңдеулер жүргізу мақсатында 440,0 мың гектар жерге қосымша препараттар бөлген.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инс­пекция комитетінің төрағасы Сақташ Қасе­новтың айтуына қарағанда, кешегі дейінгі жағдай бойынша Ресеймен шекара­ласатын үш аймақта (Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында) 2,7 млн гектар аумақта өңдеу жүргізілді. Оған қоса, итальян­дық прусқа қарсы алаңдарды зерттеу және химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Шегіртке тектес зиянкестермен күресу үшін бүріккіш техникалар да жұмылдырылған.

«Бүгін республика бойынша барлығы 12,4 млн гектар тексерілді, оның жоспарланған 4,0 млн гектарының 3,8 мыңы өңделді. Марокко шегірткесіне қарсы өңдеулер толығымен аяқталды. Азия шегірткесіне қарсы алаңдарды өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын» дейді комитет төрағасы.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, Ресейдің шекаралас аудандарында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық іс-шаралардың қарқыны өте төмен. Ал жекелеген аудандарда мүлдем жүргізілмеген көрінеді. Соның сал­дары мен зардабы біздің егістік алқаптары­мызға тиіп жатыр.

«Егер ресейліктер химиялық өң­деулерді одан әрі кешеуілдетсе, бұл ше­гірткелердің Қазақстан аумағына қай­тадан ұшып келуіне әкеп соғуы мүмкін және ауыл шаруашылығы дақылдары мен алқаптарына елеулі зиян келтіреді» дейді Сақташ Хасенов.

Осы тұста айта кетерлігі, Қазақстан мен Ресей арасында ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған екен. Осыған ұқсас келісімдер Қазақстан Респуб­ликасының Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігі және Қытай Халық Рес­пуб­ли­касы, сондай-ақ Өзбекстан Рес­пуб­ликасы ауыл шаруашылығы министрліктері арасында да қолданыста бар.

Осы келісімдерге сәйкес, жыл сайын біздің елдердің мамандары шекаралас аумақтарда шегіртке тектес зиянкестерді анықтау жөніндегі бірлескен тексерулер жүргізеді. Оған қоса, шегіртке тектес зиянкестермен күрес жөніндегі бірлескен жұмыс топтарының отырыстары өт­кізіледі, осылардың қорытындысында та­раптар шекаралас аудандарда ше­гірткелердің дамуы мен таралуы, тек­серулерді және өңдеулерді жүргізу мер­зімдері және келесі жылы зиянкестердің дамуын болжамдау туралы ақпараттар ұсынады. Алайда осыншама жұмыстардың қорытындысы көңіл көншітеді дей алмаймыз, бұған ресейлік шегірткелердің шекараны кесіп өтіп жатқаны дәлел. Ең қиыны, көшпелі көкқасқа шегірткелер аса қауіпті зиянкестер тізіміне енгізілген. Олар желдің ықпалымен 200 шақырымға дейін жетіп, көршілес мемлекеттер үшін де зор қауіп туғызады.

Айту керек, ресейлік шегірткелерден келер қауіп туралы жылда сөз болады. Биыл да мамыр айында дабыл қағылған-ды. Сол кезде-ақ зиянкестермен күреске Ресей кіріспесе, ала жаздайғы улау жұ­мыс­тары текке кеткелі тұрғаны ескер­тілген. Себебі жыл сайын бізге шегіртке солтүстік көршімізден ұшып келеді. Мы­салы, был­тыр Орынбор жақтан Ақтөбеге қара ше­гіртке қаптап, жаңадан көктеп келе жатқан егістіктің біраз бөлігін баудай түсірген-ді. Биыл да сол жағдай қайта­ла­натын түрі бар. Себебі шегіртке сынды жән­дікке шекара бұздың деп айта алмаймыз…

http://aikyn.kz/

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus