Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Пресса об АПК (KZ) ОҚО-да тағы сәби сату оқиғасы тіркелді

(KZ) ОҚО-да тағы сәби сату оқиғасы тіркелді

20140429150207
АСТАНА. ҚазАқпарат — Оңтүстіктің полиция қызметкерлері тағы да адам сату фактісін әшкереледі. Сайрам ауданында тұратын 20 жастағы Өзбекстан азаматшасы полициядан көмек сұрап, жаңа туған сәбиін өзімен бірге тұратын отандасы тартып алғанын айтқан.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 25 жастағы Өзбекстан азаматшасын қолға түсірді. Ол жәбірленушімен бір бөлмеде тұрып келген. Сезіктіні тініткен тәртіп сақшылары одан 45 000 теңге көлемінде қаражатты тәркілеп алды.

Бұған қоса, сәби дүниеге келген перзентхананың гинеколог-дәрігері де тұтқынға алынған. Ол көрші ел азаматшасынан баланы 75 000 теңгеге сатып алып, шақалақты өзінің танысына беріп жіберген.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды otyrar.kz.

http://inform.kz/rus/article/2680079

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus