Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Пресса об АПК (KZ) Өнім өндіруде аудандарды мамандандыру схемасы әзірленді

(KZ) Өнім өндіруде аудандарды мамандандыру схемасы әзірленді

fd18e9e98e94131b9150284dd08be122

Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және «Агробизнес-2020» бағдарламасына сай ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылық жерлерді ұтымды пайдалану аясында аудандардың мамандандыру схемасын әзірледі, — деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
Схема ғылыми талдау негізінде республиканың жетекші аграрлық ғалымдардың қатысуымен, сондай-ақ, халықаралық тәжірибе есебімен әзірленіп, жергілікті атқарушы органдармен келісілді.
Сонымен, Схема еліміздің әкімшілік бөлінуіне сәйкес аудандарға дейін тереңдетіліп, басты факторларды талдау негізінде әзірленді. Олардың әрқайсысы жиынтық көрсеткіштерден тұрады: табиғи-климаттық фактор; өндірістік фактор; өнімді өткізу мүмкіндігі. Табиғи-климаттық факторлары талдау келесi көрсеткiштер бойынша өткiзiлді: жауын-шашынның ортажылдық деңгейі, топырақ түрлері, топырақтың тұздылығы, қышқылдық деңгейі, жердің бедері, топырақтың құнарлығы (бонитет балы), суармалы жерлердің бар болуы, өсу мерзімінің температуралар жиынтығы, жарамды жайылымдардың бар болуы, жайылымды суландыру үшін жарамды су көздерінің, соның ішінде жарамды минералдауымен жер асты суларының бар болуы, жайылымдық мерзім ұзақтығы. Өндiрiстiк факторларды талдау дақылдардың өнiмдiлiк көрсеткiштерiн қосады, аудандағы егіндік алқаптардың бар болуы, ұсынылатын егіс айналымы, қайта өңдеуші күштердің бар болуы мен жақындылығы және ауданның өткенді шолатын мамандандыруы. Сонымен қатар өнімді өткізу мүмкіндіктерінің көрсеткіштері бағаланды: өткізу нарығының бар болуы мен жақындылығы, нарыққа өнімді жеткізу мүмкіндігі.
Схема аясында әр әкімшілік аумақ үшiн өнімнің нақты түрлерін өнеркәсiптiк өндiру ұсынылады. Мысалы, Схема шеңберінде сүтті мал шаруашылығы Маңғыстау облысының нашар азық базасы бар құрғақ аудандарында, сондай-ақ Атырау, Батыс-Қазақстан және Қызылорда облыстарының көптеген аудандарында ұсынылмайды. Өсімдік шаруашылығы саласында, мәселен, жүгеріні дәнге өндіру үшін елдің оңтүстігінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан және Қызылорда облыстарының көптеген аудандарында ұсынылады.
Осы факторларды ескере Казагро қаржылық институтының несиелік саясаты, субсидиялау ережесі мен басқа да мемлекеттік қолдаулар өзгертіліп, мемлекеттік қолдаудың басты талаптарының бірі мамандандыру схемасына сәйкестендіру болып орнатылмақ. Бұдан басқа «шикізат қайта өндірушілерге максималды түрде қолжетімді болу керек» принціпімен а/ш өнімдерін қайта өндеу бойынша аудандардың мамандандыру схемасын әзірлеу жоспарлануда. Мамандарға деген қажеттілік, оларды дайындау және біліктіліктерін жоғарлату мамандандыру схемасын сай жүргізіледі. Осыған қоса, аймақтарда миграциялық және әлеуметтік саясатқа өзгертулер енгізу ұсынылып отыр.
Бұл жерде талдау қазіргі жағдайдың Схемадан айырмашылық бар екенін анықтағанын атап өткен жөн. Аймақтарға мамандандыру Схемасына аймақтық субсидиялау жүйесіне өткізуге уақыт беріледі. Өту жоспары облыстардың даму бағдарламаларымен қарастырылып, 2020 жылға дейін процесс аяқталуы тиіс.
Мұнымен, Схеманы енгізу мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін барынша жоғарлатып, бизнеске дұрыс сигнал беріп, отандық агроөнеркәсіп кешеніне инвестициялық ағымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

http://www.baq.kz/

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика