Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Пресса об АПК (KZ) Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша шағын несиелеу басталады — «ҚазАгро» АҚ

(KZ) Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша шағын несиелеу басталады — «ҚазАгро» АҚ

20140117161240
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы — «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша шағын несиелеуді бастайды.
Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл бағдарламаның екінші бағыты — моноқалалар тұрғындарын жұмыспен қамтудың тиімді құрылымын құру үшін экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Бұл мақсатта республикалық бюжеттен 1,9 млрд. теңге бөлу жоспарланған.

Жаңа қаржыландыру бағдарламасы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі жүргізіп жатқан ауыл тұрғындары үшін несиелерге қолжетімділікті нығайту бойынша шаралар шеңберінде жүзеге асырылып жатқандығын атап өту қажет.

Бүгінгі таңда Қор Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Қостанай облыстарында аймақтық уәкілетті ұйым болып танылды. Тағы 5 облыста — Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды — келісім-шарттар қарастырылуда.

Бағдарлама бойынша шағын несиелерді моноқалалар мен олардың аймақтық әкімшілік бағынуындағы елдімекендердің, өз ісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге мүмкіндігі бар тұрғындары ала алады.

Қордың Директорлар кеңесі бекіткен, моноқалалар тұрғындарын несиелеу талаптары мынадай: қарыз сомасы — 3 млн. теңгеге дейін, сыйақы үстемесі — жылдық 6%, тиімді сыйақы үстемесі — 6,7%-дан аспайды, қарыздың мерзімі — 4,5 жылға дейін, қамтамасыз ету — Қордың кепілдік саясатына сәйкес. Негізгі борыш пен үстемені қайтару бойынша жеңілдетілген мерзім бекітілген — несиелеу мерзімінен 1/3 ұзақ емес.

Несиелеудің механизмі бірнеше кезеңнен құрылады. Біріншіден, моноқаланың тұрғыны қалалық жұмыспен қамту орталығына барып, құжаттарын тапсырады. Жұмыспен қамту орталығы талапкерлер тізімін жасап, комиссиямен келіседі және талапкермен әлеуметтік келісім-шарт жасайды. Екінші кезеңде, талапкерді несиелеу мүмкіндігі бойынша Қормен алдын-ала жасалынған келісімнен кейін, жұмыспен қамту орталығы талапкерді кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жібереді. Оқыту сертификатын алған соң, талапкер несиелеу туралы өтінішін Қордың филиалына немесе шағын несие ұйымына тапсырады. Талапкердің жобасы қарастырылып, несие комитетінің жағымды шешімінен кейін шағын несие беріледі.

2014 жылы Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Қор Қазақстанның 10 аймағында 1,4 млрд. теңгеге шағын несие беруді жоспарлап отыр.

Жалпы 2014 жылдың басынан «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобы республиканың АӨК-ті қолдауға 101,6 млрд. теңге бағыттады, соның ішінде АӨК субъектілерін несиелендіруге — 88,3 млрд. теңге. Өткен жылы холдингтің жиынтық несиелік қоржыны АӨК-ті несиелендірудің жалпы көлемінің 48 пайызын құрады.

http://inform.kz/kaz/article/2676509

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus