Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Видео (KZ) Ірілі-ұсақты суқоймаға ие барлық кәсіпорындар есеп тапсыруға міндеттеледі

(KZ) Ірілі-ұсақты суқоймаға ие барлық кәсіпорындар есеп тапсыруға міндеттеледі


Келер жылдан бастап ірілі-ұсақты суқоймаға ие барлық кәсіпорындар есеп тапсыруға міндеттеледі. Осылайша гидротехникалық құрылғылардың қауіпсіздігін қамту заңмен реттелмек. Ауыл шаруашылығы министрлігінде тиісті мамандар тақырыпты талқыға салды.

Бүгінде елімізде суқоймалардың 49 пайызы коммуналдық, ал 31 пайызы жеке меншік иелігінде. Көбі 30-40 жыл бұрын салынған. Жөндеу көрмей, әбден тозығы жетіп, кейбір құрылғылар адам өміріне қауіп төндіруде.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, шағын суқоймаларды пайдаланушылар құрылғының техникалық ахуалы туралы есеп бермейді. Енді меншік формасына қарамастан барлығы бірдей декларация тапсырып тұратыны айтылды. Жалпы, бүгінгі қалыптасқан жағдай гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы жеке заң жобасын әзірлеу және қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр, дейді мамандар.

Медет Оспанов, Халықаралық арал қорының Қазақстандағы дирекциясының директоры:

Рұқсат болу керек. Әшейін көрінген адамға таратып қауіпті нәрсені иесіз. Бәріміз де біліп отырмыз, Қызылағаштағы трагедия білімсіз адамдардың суды басқарғаны соның салдары.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus