Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Пресса об АПК (KZ) Биыл еліміздегі астық түсімі былтырғыдан кем болжанбайды

(KZ) Биыл еліміздегі астық түсімі былтырғыдан кем болжанбайды

Биылғы жылы елімізде күтілетін астық түсімі өткен жылғыдан төмен болжанбайды. Бұл туралы бүгін брифингте «ҚазАгро» холдингінің басқарушы директоры Қанат Жауымбаев мәлім етті.
«Қателеспесем, бізде өткен жылы шамамен18 млн. тоннаға жуық астық жиналды. Сондықтан да, егер ауа-райы қолайлы болса, биылғы өнім көлемі де былтырғы деңгейден кем болмауы керек», — деді Қанат Жауымбаев. Оның айтуына қарағанда, егіннің жиын-терімінде ауа-райы жағдайы да маңызды рөл атқарады. Дегенмен, ауа-райы қазір еліміздің өңірлерінде әркелкі.

«Мәселен, Қостанай облысын алып қарасақ, оның кей бөлігінде ылғал жеткілікті болса, енді бір бөлігі әлі қуаңшылықты бастан кешіруде. Дегенмен, елімізде ауа райы осы күйде тұрақталса бәрі ойдағыдай болып, астық та болжанғандай жиналуы тиіс», — деді Қ.Жауымбаев.

Тоқтала кетітін жайт, былтыр елімізде 18 млн. 231 мың тонна астық пен бұршақ дақылдары жиналса, соның 76,5 пайызын бидай құраған.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

http://inform.kz/kaz/article/2678778

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus