Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Пресса об АПК (KZ) 18 мың жер учаскесі қолданылмай бос жатыр – А. Мамытбеков

(KZ) 18 мың жер учаскесі қолданылмай бос жатыр – А. Мамытбеков

cb09fd6d87414badfe6e21f9a7a56e08
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифинг барысында Ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков осылай мәлімдеді, — деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
— Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше жалпы көлемі 6,8 млн. гектарды құрайтын 18 мың жер учаскелері иелерімен ешбір қолданыста жоқ. Яғни, бұл дегеніміз – ешқандай да мақсатты пайдаланылмай, бос жатқан жерлер деген сөз. Осы ретте, жер салығы ставкасын 5 есеге өсіріп, аймақтарға пайдаланылмай жатқан жерлердің ставкасын ұлғайтуға құқық бере отырып, 10 есеге өсіру ұсынылып отыр. Мұнымен өсім ұлғайту біріңғай жер салығы негізінде арнайы режимін қолданатын фермерлік және шаруа қожалықтарына таралмайды, — деді министр.

Оның айтуынша, бұдан басқа дайындаушы ұйымдардың ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен жылдық жиынтық табысы 90 пайыздан кем болмаған жағдайда, дайындаушы ұйымдармен бюджетке төленген ҚҚС сомасы субсидия түрінде компенсацияланатын көрінеді. Сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтармен өндіріліп, қайта өңдеу кәсіпорындары немесе дайындаушы ұйымдарға сатылған, белгілі бір ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен табыс жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады екен.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Суретті түсірген – Азат ЕСЕМБЕКОВ

http://baq.kz

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика