Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн өнiмдерде тыйым салынған және зиянды заттардың бары анықталған

Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн өнiмдерде тыйым салынған және зиянды заттардың бары анықталған


Азық-түлік өнімдеріне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ставрополь Бройлер» ЖАҚ шығаратын өнімдерге уақытша шектеулер енгізді, Ставрополь өлкесі – «Благояр» бройлерінің қанаты – КМАФАнМ (мезофильді аэробты және факультативті түрде анаэробты микроорганизмдердің саны).
Сонымен қатар, бастапқы анықтауға байланысты, КМАФАнМ-нің нормативтік мәнінен асып түсетін тауық еті – Саратов облысы, Ресей Федерациясы – «Кормников С.П.» ЖШҚ шығарған әрбір партиясының үлгілерін іріктеу кезінде күшейтілген зертханалық бақылау режимі енгізілді.
Бұрын Министрлікпен ветеринариялық-санитарлық талаптарға сәйкес келмегендіктен, «ФинИнвест» ЖШҚ, Челябинск облысы, «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ, Мәскеу қ., «Приосколье» ЖАҚ, Белгородской облысы, «Чебаркульская птица» ЖШҚ, Челябинск облысы, «Брянский бройлер» ЖШҚ, Брянск облысы, «Магнитогорский птицеводческий комплекс» ЖШҚ, «Токаревская птицефабрика» ААҚ, “Алтайский бройлер” АҚ, «Расковский молзавод» АТЖК өнімдеріне уақытша шектеулер енгізілді.
Анықтамалық. КМАФАнМ -нің өсуі микроорганизмдердің көбеюін білдіреді, оның ішінде өнімге зиян келтіретін патогендер мен микроорганизмдер болуы мүмкін.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved