Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Айыппұл салынып, кері қайтарылды.

Айыппұл салынып, кері қайтарылды.


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі келесіні хабарлайды.
2018 жылғы 1 қазан күні Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының «Уба» кеден бекетінде Ресей Федерациясының Алтай аймағы, Барнаул қаласынан Қазақстан Республикасының ШҚО Өскемен қаласына (алушы ЖК И.М. Мельникова) келген (мем. номері E 873 TY 154) “VOLVO” 17 тонна картоп тиеген жүк көлігіне тексеру жүргізіліп, жүктің фитосанитариялық қаупі жоғары карантиндік өнімі фитосанитариялық сертикаты жоқ екендігі анықталды. Тасымалдаушы А.И. Кирилинге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, карантиндік өнім экспорттаушы елге кері қайтарылды.
Сондай-ақ, 2018 жылғы 1 қазанда «Ауыл» кедендік бекетінде «DAF» ( мем.номері Т 3964 О/ 253 ТВ) Ресей Федерациясының Қырғыз Республикасының Шу облысы Садовое ауылына Қазақстан Республикасы арқылы өтіп бара жатқан жүк көлігін тексеру барысында 20 тонна күнбағыс карантиндік өнімінің фитосанитариялық сертификаты жоқ болуына байланысты карантиндік өнім тасымалдаушы С.В. Малышевке 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, тауар экспорттаушы елге кері қайтарылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved