Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігінде облыс әкімдерімен ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде облыс әкімдерімен ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды


Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде бейнеконференц байланыс режимінде облыс әкімдерінің қатысуымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен жиын өтті.
Жиында облыс өкілдерінің арасында 11 айдың қорытындысы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мәсеселері талқыланды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиыны 3,9 трлн. теңгені құрады. Нақты индекс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 102,3% құрады, жылдық жоспарда 102,5%. Қыркүйек және қазан айларында сәйкесінше 1,9 және 2,1% артты.
Министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың басында әр аумақ бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты индекс көлемі есебінің болжамды деректерін дайындады. Сонымен қатар, Министрлік ай сайын әкімдіктермен жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша селекторлық жиын өткізіп тұрады. Соның нәтижесінде 11 айдың қорытындысы бойынша нақты индекс көлемінің артуы күтілуде.
Сонымен қатар, жиналыс барысында ауыл шаруашылығы жерлерін әртараптандыру, осы жылы жиналған егінді жүзеге асыру, өңдеуші зауыттарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Майлы дақылдар, мал азығы дақылдарынан келіп түсетін пайда туралы айтылды.


Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту мәселесіне келетін болсақ, 2017 жылдың 8 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша республика көлемінде 777 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген немесе 166% жоспардан артық орындалған. Оның ішінде: 272 АШК сүт қабылдау бекетімен, 377 АШК мал сою бекетімен, 76 АШК жеміс-көкөніс дайындау бекетімен, 19 АШК қой сою және/немесе жүн дайындау бекетімен, 3 АШК араларды өсіру және балды өндіру мен қаптау бойынша, 13 АШК құсты өсіру мен сою бойынша, 8 АШК қарқынды бақшалық бойынша, 5 АШК түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу бойынша, 4 АШК тауарлы балық өсіру бойынша, сондай-ақ 114 615 ірі қара мал басына арналған 7 102 отбасылық бордақылау алаңы құрылды. 83,2 мың ЖҚШ және ШФҚ тартылды.
Кооперативтермен 103,2 мың тонна сүт, 16,6 мың тонна ет, 28,1 тонна жеміс-көкөніс өнімдері, 21,5 тонна құс еті, 162 тонна бал, 31 тонна ешкі сүті, 45,2 мың дана жұмыртқа дайындалды.
9,3 мың жаңа жобалар қаржыландырылып, 8723 жеке кәсіпкер тіркелді және 13,7 мың жұмыс орны ашылды.
2018 жылы кооперативке тартылғандар санын 200 мыңға жеткізу, сонымен қатар 115 мың басқа отбасылық бордақылау алаңын құру жоспарланып отыр. Етті дайындауды 28 мың тоннаға, сүтті 130,0 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда.
Жиын барысында 2018 жылғы көктемгі егістік жұмыстарына дайындық барысы да сөз болды. 2018 жылғы көктемгі егістік жұмыстарын несиелеуге
өтінім беру басталды.
А. Мырзахметов жиын соңында алға қойған межеге жету үшін облыс әкімдеріне қаралған мәселелерде бірігіп жұмыс істеуді күшейту керек екенін баса айтып, нақты тапсырмалар берді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved