Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанда 2014 жылы дәнді дақылдар түсімі 11 ц/га деңгейінде болжанып отыр

Қазақстанда 2014 жылы дәнді дақылдар түсімі 11 ц/га деңгейінде болжанып отыр

bec7c1b40cdd1641c2e79c8798f3d7a5
Қазіргі таңда егін ору науқаны республикамыздың сегіз аймағында жүргізілуде. Биыл дәнді дақылдар түсімі 11 ц/га деңгейінде болжанып отыр, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2014 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары 21,8 млн. га құрады, солардың ішінде дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар – 15,6 млн. га, соның ішінде бидай – 12,8 млн. га. Майлы дақылдар шамамен 2,3 млн. га, мақта 128,9 мың га, қант қызылшасы 1,8 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары тиісінше 182,0 және 223,2 мың га, жемдік дақылдар 3,5 млн. га алқапта егілген», – делінген ақпаратта.

Мәлімет бойынша, 14 тамыздағы жағдайға сәйкес 0,9% дәнді дақылдар егістері жойылды.

«Қазгидромет» РМК ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес ү.ж. дәнді дақылдар түсімі шамамен 11 ц/га деңгейінде болжануда. Осылайша, астықтың болжамды жалпы өнімі ағымдағы жылы бункерлік салмақта шамамен 17,0 млн. тоннаны құрайды.

2014 ж. 19 тамыздағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 943 мың га жинап, 11,6 ц/га түсімділігімен 1млн. тоннадан астам астық бастырған, бұл өткен жылғы деңгейден 4,0 ц/га кем.

http://bnews.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*