Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Иранға астық және жем-шөп дақылдарын экспорттайтын болды

Қазақстан Иранға астық және жем-шөп дақылдарын экспорттайтын болды


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Иран Ислам Республикасына барды.
Сапардың мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың агроөнеркәсіптік кешенге шетелдік инвестицияларды тарту, өзара тиімді екіжақты келісімдерге келу және ауыл шаруашылығы саласында экспорттық әлеуетін арттыру бойынша жасаған келісімдерін іске асыру және тапсырмаларын орындауға қол жеткізу.
Сапар аясында Иран нарығына Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша мәселелерге баса назар аударылды. Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстаннан Иранға қой мен мұздатылған қой етін жеткізу бойынша ветеринарлық талаптар келісіліп, экспорттала бастады. Сонымен қатар, зығыр, рапс және күнбағыс тұқымы да осы елге шығарыла бастады.
Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кен және сауда министрі М.Шиатмадаримен кездесіп, қазақстандың астықтық тасымалдаудағы шектеулерді алу, Каспий теңізіндегі қазақстандық және ирандық кеме қатынасы компаниялары арасында қосымша салықтарды азайту мәселелері талқыланды. Осы сапарда А.Мырзахметов шетелдік әріптесі Иранның Ауыл шарушылығы министрі М.Ходжатимен кездесті. Онда қазақстандық бидайдың тасымалдануына шектеулерді жою, инвестициялар тарту, мұздатылған қой етіне қатысты сертификатты бекітуді тездету, Иран тарапынан мүйізді ірі қара мен мұздатылған және салқындатылған сиыр етін импорттау туралы мәселелер сөз болды.

Екі ел басшыларының арасындағы келіссөздер барысында күріш өндіру және өңдеу және майлы дақылдар саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, одан әрі Каспий теңізі порттары арқылы Иранға экспорттау туралы келісімге қол жеткізілді. Иран тарабы өз кезегінде сұранысқа ие күріш сорттарының тұқымын беруге дайын екендігін білдірді. Осы мақсатта инвестициялық жобаларды жүзеге іске асырудың тиісті жоспары әзірленетін болады.
Иран тарапы өз елінің транзиттік әлеуеті арқылы өңделген өнімдерді басқа елдерге сату үшін Иранның ұн тартатын кәсіпорындарында қазақстандық бидайды қайта өңдеу мүмкіндігін пайдалануды ұсынды. Қазақстандық делегация осындай ұсыныстың орындылығын атап, бұл мәселені қарауға дайын екенін білдірді.
Кездесу барысындағы ұсыныстарға нақты талдау жүргізіп, мәселелерді шешу үшін тараптар екі министрліктің қызметкерлерінің жұмыс тобын құруға келісті.
Бұдан басқа, Қазақстанның «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ Иран нарығына экспортты ұлғайту бойынша бірқатар келісімдерге қол қойды. Атап айтқанда, 100 мың тоннаға дейін дәнді дақылдарды жеткізу туралы меморандумға келісті, сондай-ақ Иранның «Tadbir Support and Development of Agricultural and livestock Infrastructures Co.» компаниясына 2 мың тонна салқындатылған қой етін экспорттауға, Иранның ең үлкен «Iran Feed Industry Association» компаниясымен бірлесе отырып, биылғы жылдың соңына дейін елге 200 мың тонна жемдік дақылдарды, оның ішінде рапс, май, арпа және т.б.өнімдерді экспорттау туралы келісімге қол жеткізілді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved