Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Агропарктердің табыстары қатардағы ғалымдарға үлестірілді

Агропарктердің табыстары қатардағы ғалымдарға үлестірілді


Аграрлық сала ғалымдары ауыл шаруашылық науқанын қорытындылап, «BuildingKnowledge-basedAgriculture» («Ғылымға негізделген агроөнеркәсіп кешенін құру») республикалық форум аясында ғылымды реформалаудың алдағы қадамдарын талқылады.
«Бізде ғылым бар, ол тәжірибелік нәтижеге жұмыс істей алады. Бірақ біз бүгін оның тиімділігін арттыра алмай отырмыз. Қазіргі кезде ғылым бизнес талаптарына сай емес. Бүгінгі күні ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің тек 8% ғана өндіріске енгізіліп отыр. Кадр проблемалары бар: ғылым ескіріп, әлемдік ғылыми қауымдастық пен ғылыми технологиялардан алшақтап кетті. Жергілікті атқару органдарының мәліметінше АӨК субъектілерің 80% маман талапшылығын сезініп отыр» – деп атап өтті Премьер-Министр.

Осы жағдайларды оңтайлы өзгерту үшін Министрлік бизнес өкілдерімен, білікті ғалымдармен біріге отырып, аграрлық жоғары оқу орындарын әлемдік деңгейдегі замануи университеттерге трансформациялауды көздейтін жаңа бағдарламаны жасап, енгізуде. Бұл бағытта Назарбаев университеті үлгісінде әлемнің жетекші университеттерінің оқыту бағдарламалары мен стандарттары енгізілетін болады. Қазақстандық ғалымдар PhD дәрежесін алу үшін және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін шетелдің жетекші ғылыми орталықтарына оқуға және тәжірибе алмасуға жіберу іске асырылуда.
Қазіргі таңда Министрлік республикамыздың әр аймағында фермерлерге аграрлық қызмет көрсететін, жаңа технологиялар транфертін іске асыратын, озық технологиялармен таныстырып, ауыл шаруашылық құрылымдары мамандарын қайта оқытып, даярлықтан өткізетін агропарктар мен аймақтық орталықтар, жаңа технологияларды ұсынатын көрсетілім алаңдарын ашуда. Білімді таратудың бұл жаңа жүйесі АҚШ тәжірибесі көрсеткендей, аймақтағы орталықтар базасында қажетті технологиялық шешімдерді қабылдауға әрі нақты білімді жеткізу үшін отандық ҒЗИ және ЖОО-лар ғылыми әлеуеті қолданылатын болады.
«Бұл мақсаттарға жету үшін заманауи технологияларды меңгерген, инновацияға бейім, өндірістің жаңа бағыттарын игерген, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізіп, жаңаша ойлай алатын кәсіби мамандар қажет. Аталған бағыттарды жандандыру мақсатында саланы басқарудың тың әдістерін қолданып, ауыл шаруашылығы бойынша шетелдің білікті мамандарынан тәжірибе алып, озық технологияларын тарту керек» ¬¬- деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.
Форум аясында отандық аграрлық ғылымның алғашқы жетістіктері сараланды. Атап айтқанда, өз жұмысын ағымдағы жылдың қаңтар айында ғана бастаған Алматы облысындағы «Қаскелең» агропаркі биылғы жылы жоғары өнімді сорттарды жинау науқанын тиімді іске асырып, жалпы сомасы 48 000 000 теңге көлемінде таза пайда көрді. Бұл қаржы аталған агропарктің тәжірибе алаңында жаңа білімді өндірісте іске тәжірибеден өткізген, қатардағы әзденімпаз мамандарға үлестірілді.
Форум жұмысын қорытындылаған Министр «Қаскелең тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС бас агрономы – Жасұлан Қабденовке, ауыл шаруашылығын электрлендіру және механизациялау ҒЗИ Инновациялық қызмет бөлімінің меңгерушісі – Асқар Рзалиевке, егін шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ «Егін шаруашылығы бөлімінің ғылыми қызметкері – Алтай Қыдыровқа, топырақтану және агрохимия ҒЗИ «Жаңа технологиялар құру» бөлімінің меңгерушісі- Айгүл Өстеміроваға, Ж.Жиембаев атындағы өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ майлы және бұршақты дәнді дақылдарды қорғау бөлімінің бас маманы Қуаныш Түсіпбаевқа арнайы қаржылай сертификаттар табыс етті.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved