Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан карантинге жатқызылған өнімдерді заңсыз әкелудің алдын алды

Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан карантинге жатқызылған өнімдерді заңсыз әкелудің алдын алды


2018 жылғы 10-12 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясының өсімдік карантині бойынша мемлекеттік инспекторлары Қазақстан аумағына Ресей Федерациясынан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларынан 165,5 тонна карантинге жатқызылған фитосанитарлық қаупі жоғары өнімдерді заңсыз әкелудің 29 әрекетінің алдын алды.
Бақылау жүргізу барысында белгілі болғандай, Ресей Федерациясынан 141 тонна бидай, Қырғызстан Республикасынан 2 тонна алма және 20 тонна жүзім міндетті ілеспе фитосанитарлық сертификатсыз әкелінген.
Сонымен қатар, Өзбекстаннан 2,5 тонна құрманы әкелу барысында карантиндік нысан (Комстока құрты – Pseudococcus comstocki (Kuwana)) анықталды.
Жоғарыда аталған бұзушылықтар бойынша инспекторлармен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылып, карантинге жатқызылған өнімдер экспорттаушы ел аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved