Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Карантинге жатқызылған 88,051 тонна өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды

Карантинге жатқызылған 88,051 тонна өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды

2017 жылдың қыркүйек айының 9-15 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 8 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан 3 жағдайда (картоп – 3 тонна, пияз – 8 тонна, қызанақ – 20 тонна). міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген. Сонымен қатар Үнді мемлекетінен 2 жағдайда (тазартылған күнжіт – 36,654 тонна, басты пияз – 16,77 тонна), республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген;

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан 501 дана раушан кесінділерін әкелу кезінде тиым салынған қол жүгі арқылы заңбұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, Азербайджан Республикасынан 4 тонна шабдалыны әкелу кезінде – шығыс жеміс жемірі карантиндік обьектілер анықталды, ал Өзбекстан Республикасынан 0,627 тонна құрма әкелу кезінде комсток сымыры анықталды.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 88,051 тонна және 501 штук экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus