Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Шектеулер алынды

Шектеулер алынды

2018 жылғы 9 шілдеде (Россельхознадзор) Ресей Федерациясының Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау бойынша федеральдық қызметі Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына тасымалдайтын 3 қазақстандық сүт өңдейтін “Тайынша-Астык” ЖШС, “Молпродукт”ЖШС, “ДЕП” ЖШС кәсіпорындарынан уақытша шектеуді ресми түрде алды.
Аталған шектеу Ресей тарапынан 2018 жылғы 1 маусымда Белорусь мемлекетінің сүт өңдеу зауытынан, Ресей Федерациясына сүт ұнтағының кері экспорталуының (реэкспорт) күдігіне байланысты қойылған.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Белорусь Республикасының шектеу қойылған кәсіпорындарының құрғақ сүтін қайта экспорттамайтыны және Ресей Федерациясының аумағына сүт және дайын сүт өнімдерін экспорттайтыны туралы мәліметтер жолдады.
Сондай-ақ, Мәскеу қаласындағы ресми кездесу барысында қазақстан тарапынан осы кәсіпорындардың қадағалануына қатысты қосымша ақпарат ұсынылған.
Уақытша шектеуді алуға байланысты атқарылған шаралар жартылай жұмыс істеп тұрған қазақстандық сүтті қайта өңдеу кәсіпорындарының толық өндірістік қуаттылықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved