Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақпараттық жүйелердің интеграциясы сұрақтары бойынша Россельхознадзормен қызметтік кездесу туралы

Ақпараттық жүйелердің интеграциясы сұрақтары бойынша Россельхознадзормен қызметтік кездесу туралы

2018 жылдың 6 қыркүйегінде Мәскеу қаласында «Казагромаркетинг» ЖШС («ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы) және Ресей Федерациясының ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау бойынша Федералдық қызметінің қызметкелерінің жұмыс бабы бойынша кездесу өтті.
Жұмыс бабы бойынша өткізілетін кездесудің мақсаты, екі елдің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР АШМ басшылығы мен Россельхознадзор арасындағы ақпараттық жүйені интеграциялау туралы алдында келісілген келісімдердің орындалуы болып табылады.
Кездесу барасында Россельхознадзор қызметкерлері қазақстандық әріптестерін ФГИС “Аргус Фито» ұйымының жұмысы жүйесімен таныстырды.
Өз кезегінде, Қазагромаркетинг өкілдері Ресейлік әріптестерін ҚР АШМ АӨК Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесімен, оның ішінде фитосанитарлық құжаттарды беру және есеп жүргізу жүйесімен таныстырды.
Кездесу аясында екі жақ интеграциялау жүйесінің алдағы қадамдары және ақпарат алмасудың техникалық мүмкіндіктерін бекітті.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved