Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары ҚР АШМ және «Атамекен» ҰҚП ауыл шаруашылық кооперациясының даму мәселелеріне қатысты меморандумға қол қойды

ҚР АШМ және «Атамекен» ҰҚП ауыл шаруашылық кооперациясының даму мәселелеріне қатысты меморандумға қол қойды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2.12.15 ж. Астана қ.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚР «Атамекен» ҰҚП-мен бірлесе ауыл шаруашылық кооперациясының даму мәселелеріне қатысты меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде 2016 жылы ҚР АШМ мен ҰҚП 4 пилоттық кооперативтің қызметін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Осы ретте, Алматы облысында жеміс-көкөніс, Жамблыс – сүтті, Ақтөбе – етті бағыт және Солтүстік Қазақстан облысында майлы дақылдар бойынша кооперациялар ұйымдастырылмақ. Соған қоса, аймақтарда кооперациялардың принциптері мен басымдылықтарын түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілмек.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ауыл шаруашылығы кооперациялары» мен «Ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары күшіне енбек. Бұл заңдармен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің статустары коммерциялық еместен коммерциялыққа өту және ауыл шаруашылығы кооперативінде табысты бөлу; жыл сайынғы ішкі аудитты өткізу үшін ревизиялық бірлестіктерге кіру мүмкіндігі; демократиялық принциптерін сақтау; өз мүшелеріне тауарды өзіндік құн есебімен сату принципі; ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арнайы салық режимін қолдану; кооперативтердің ішкі аудит құнын 50%-ға дейін субсидиялау мүмкіндіктер қарастырылған.
Кооперация – бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экономикалық ірілендіруі. Кооперациядан АШТӨ үшін басымдылықтар ол еңбек өнімділігінің жоғарлауы; нарыққа өткізу үшін тауарлардың ірі партиялардың қалыптасуы есебінен өнімге деген сұраныстың тұрақтылығы; өнім сапасының жоғарлауымен мамандандырудың күрделенуі; өндіріс қуаттылықтарын тиімді және толық қолдану; АШТӨ шығындарын оптимизациялау; маркетингтік ақпарат пен мемлекеттік қолдауға қолжетімділік; ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын төмендету есебінен АШТӨ табысының ұлғаюы.
Кооперацияның дамуын ынталандыру үшін Министрлік кооперативтер үшін субсидиялау нормативтерін жоғарлату бойынша қолданыстағы агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидиялау механизімін қайта қарастыруда.
Сондай-ақ, Министрлік «КазАгро» АҚ бірлесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus