Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі сыйланған эксклюзивтік антивирустық бағдарламаны арнайы мемлекеттік қорға тапсырды

Ауыл шаруашылығы министрлігі сыйланған эксклюзивтік антивирустық бағдарламаны арнайы мемлекеттік қорға тапсырды

Елорданың 20 жылдығына орай антивирустық бағдарламалардың басты әзірлеушілерінің бірі «Касперский зертханасы» АҚ Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығына ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін төмендету бойынша флагмандық өнімнің арнайы нұсқасын сыйлады.
Аталған сыйлық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңдарына сәйкес арнайы мемлекеттік қорға тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Министрлік 2015 жылы мемлекеттік органдардың арасында алғашқы болып ҚХР делегациясымен ресми кездесу кезінде басшылыққа сыйлаған ұялы телефонды мемлекеттік қорға тапсырған. Кейіннен мобильді құрылғылар саудаға шығарылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved