Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ Ветбақылау комитетімен БҚО ошақты жою және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

ҚР АШМ Ветбақылау комитетімен БҚО ошақты жою және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

101118
Кеден одағының біріңғай ветеринарлық талаптарына сай ЕЭО аумағында қой және ешкілерді тасымалдау ережелерінің бірі – соңғы 6 ай ішінде күл ауруы бойынша аумақтың таза болуы.
Естеріңізге сала кетсек, шілде айының басында БҚО Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінде 80 бас ұсақ мүйізді мал ауырғаны тіркелген. Осы себептен, Россельхознадзормен уақытша шектеу шаралары енгізілді.
«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РММ жануарлардан патологиялық сынамалары алынып, күл ауруы анықталған.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте жоғары аталған аумақта шектеу шаралары қойылған.
Республикалық қордан 23 498 бас ұсақ мүйізді малға күл ауруына қарсы вакцина және 417 литр «ГЛАК» залалсыздандыру препараты бөлінді.
Республикалық эпизоотияға қарсы отрядымен ошақты жою және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Халықаралық эпизоотиялық бюроның ұсыныстарына сай карантин соңғы орын алған ошақты жою және залалсыздандыру жұмыстары өткізілгеннен 21 күн өткеннен кейін алынады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus