Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Карантинге жатқызылатын 26,6 тонна өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды

Карантинге жатқызылатын 26,6 тонна өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды

2017 жылдың тамыз айының 19 – 25 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қауіпі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 2 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан 20 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелгені анықталды;
Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан салмағы 6,6 тонна шабдалыны әкелу кезінде карантиндік объект – шығыс жеміс жемірі анықталды.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 26,6 тонна экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus