Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары АӨК субсидиялау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау

Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

43 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) инвестордың уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қойған және мөрмен бекітілген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім;
      2) АӨК субъектісін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;
      Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті), мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтағанға дейін жарамды болып табылады.
      3) бизнес-жоспарды, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстарды қоса бере отырып, жаңа өндірістік қуаттылық құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптаманың оң қорытындысы бар жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасы;
      5) тартылған қаржы (кредит/лизинг) есебінен жобаны іске асыру жағдайында, осы Қағидаларға сәйкес инвестор субсидия алу көздегені туралы қаржы институтына хабарлама көшірмесі.
      Егер инвестициялық жоба пайдалануға берілген, сондай-ақ инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықтар сатып алынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:
      1) объектіні немесе инвестициялық жобаның кезегін (кезеңін) пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау не қабылдау комиссиясы актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі;
      3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың көшірмелері;
      4) ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;
      5) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде, құқық белгілейтін құжаттардың (көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, техникалық паспорт) көшірмелері ұсынылады;
      6) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты куәландырған кредиттік/лизингтік шарттар көшірмелері;
      7) бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесі кемінде 30 %-ға жеткеннен кейін осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес инвестор растайтын құжаттарды (бизнес-жоспар, өндірілген өнім түрлері бойынша өткізуді заттай және құндық мәнде растайтын құжаттардың оператор куәландырған көшірмелері, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесіне жеткендігі туралы жұмыс органы мониторингінің актісі) ұсынады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

 инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы қойылған және мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012520#z9

Қызмет стандарты

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымда:

1)   жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

2)   заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымды портал арқылы беру кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуға болады.

Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus