Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне 2000-нан аса кәсіпорын 663 млрд теңге субсидияны мақсатсыз жұмсаған

2000-нан аса кәсіпорын 663 млрд теңге субсидияны мақсатсыз жұмсаған

2000-нан аса кәсіпорын 663 млрд теңге субсидияны мақсатсыз жұмсаған

Төлемге емес, өнімге жұмыс істейтін кез келді. Еліміздің ауыл шаруашылық министрлігі 2017 жылдан бастап субсидияны осындай талаппен бермек. Бүгін ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мемлекеттен бөлінетін көмекті тек нәтижеге қарап бөлетінін айтты. Өйткені, бір ғана өткен жылдың өзінде екі мыңнан аса кәсіпкер субсидияны тиімді пайдаланбай, 5000-дей заңбұзушылыққа жол берген. Ал Қостанай облысындағы құс етін өндіру зауыты бір жылда субсидия деп бөлінген 270 млн теңгені өзге мақсатта жұмсаған. Қиын кезеңде бағдарламаларын қысқартпай, қаржыландыруын қайта көбейтіп отырғандардың бірі – ауыл шаруашылығы. Бірақ болған сайын бола берсе деп, Үкіметке мойын созып отырғандар да осы шаруалар. Асылжан Мамытбеков: «Бүгінде субсидия агроөнеркәсіп саласын тым босаңсытып жіберді», – деп отыр. Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі -Үкімет бұл салаға қаражат бөлсін десеңіздер, жақсы көрсеткіштерге жетуіміз қажет. Қазір мемлекеттен бөлініп отырған көмек кейбір кәсіпкерлерімізді дайын асқа тік қасық болуға үйретті. Менің естуімше, кейбір қожалықтар ақшаны алып, ешқандай өнім шығармай, алқапты қараусыз қалдырып жүр. Әрине 5 млн теңге кішігірім кәсіпорынды бір жыл асырайды. Субсидия пайда көзіне айналғанын біз мына көрсеткіштерден байқадық. 2013-2014 жылдары Бас прокуратура өткізген тексеріс нәтижесінде республика бойынша 2000-нан аса кәсіпорын субсидияны тиімді пайдаланбай, 4000-нан аса заң бұзушылыққа жол берген. Олар 663 млрд теңгегені мақсатсыз жұмсаған. Олардың бірі – Қостанай облысындағы «АгроИнтерПтица» құс фабрикасы. Кәсіпорын 1 сұрыпты жұмыртқа шығару үшін мемлекеттен 274,9 млн теңге алған. Тексеру кезінде фабрика ірі жұмыртқаның орнына 2 сұрыптысын шығарғаны анықталды. Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі -Алматы облысында да 2 құс фабрикасы жабылып қалған. Бірақ бізге жергілікті әкімдіктің берген есебі бойынша кәсіпорын қарқынды жұмыс істейді. Өнімі жыл сайын көбейіп отыр. Олар ұялмай бізден тағы субсидия сұрайды. Біз бұл жағдайларды тоқтаумыз қажет. Ақшаны оңды солды шаша бермейік. Мемлекет көмегін тек өнімді еңбек еткендерге беру бастамасын қолдайтындардың бірі – фермерлер одағы. Олардың айтуынша, қазіргі субсидия алу бағдарламасының олқылықтары көп. Әуезхан Даринов, «Қазақстан Фермерлер Одағы» РҚБ Төрағасы -Шағын шаруа қожалықтар 1000-ға дейін, жаңа айттым 3 млн субсидия бар, алмайды ешкім. Себебі оны алу қиын. Ал қазіргі айтқан субсидия бойынша ертең шаруа қожалықтар бастарын қосып техника алса 20-30 пайыз субсидия береді. Оның үстіне процентная ставка болады. Ол өте қолжетімді болады. Жиында айтылғандай, болашақта кооперативтердің заманы келе жатыр. Мемлекеттік көмек шағын емес ірі, яғни біріккен кәсіпорындарға ең алдымен беріледі. Бұл өзгерістер 2017 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асады деп жоспарлануда. Авторлары: Эльвира Тағайқызы, Серік Қоңырбаев

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика