Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Нидерландыдан әкелінген өнімдерден қауіпті зиянкес табылды

Нидерландыдан әкелінген өнімдерден қауіпті зиянкес табылды


Халықаралық әуежайда тексеру барысында 85 келі салат жапырағы мен 21 келі қара бүлдіргеннен батыс гүл трипсі анықталып, залалданған тауар толықтай өртелді. Статистикалық деректер бойынша, былтыр республика бойынша қауіпті тауардың 12 фактісі тіркелсе, оның сегізінде аталмыш зиянкес табылған. Осылайша 3 тонна қауіпті жүк жойылған. Ал осы жылдың өзінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі зиянкесі бар 2 жарым тонна гүл мен көкөністерді анықтап, көзін жойған. Мұхтар Әлиев, ҚР АШМ Астана қаласы бойынша аумақтық инспекцияның басшысы: – Экономикаға тигізетін зияны бар. Жылыжайларға да зияны бар. Сондықтан біздер дер кезінде шара қабылдап, көзін жоюға тырысамыз. Қазіргі уақытта Нидерландыға хат жазылып, хабарланып отыр.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus