Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «NAZMЕHR» теңіз кемесінде орын алған оқиға жайлы

«NAZMЕHR» теңіз кемесінде орын алған оқиға жайлы

2018 жылдың 16 қазанында «Азық-түліктік келісім шарт корпорациясы» ҰК АҚ Ақтау теңіз портынан «Ақ бидай» АҚ Баку қаласының «Бакулық астық терминалы» ЖШҚ мекен-жайына «NAZMЕHR» теңіз кемесінен 1500 тонна 3 сыныпты бидай жөнелтілді.
Астықты жөнелту кезінде «Квифокс» препаратымен бидайды залалсыздандыру жұмысы жүргізілді. Препараттың дозасы 1 тоннаға 9 граммнан, бұл препаратты қолдану бойынша нормативтер мен талаптарға сәйкес.
«Агроконсулт» ЖШС залалсыздандыру жұмысын жүргізді. «Агроконсулт» ЖШС 2004 жылғы 27 сәуірден № 1 Серия А-Ф лицензиясының негізінде Ақтау портының аумағында астық жүктерін залалсыздандыру (фумигация) жұмыстарын жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 9 айында Ақтау портынан Иран мен Әзірбайжан елдеріне 1,15 млн тонна астам бидай жөнелтілді, бұл ретте 340 теңіз кемелері залалсыздандырылған. Фумигация құрамында фосфоры бар препараттармен және сәйкесінше лицензия мен квалификациясы бар фирмалармен жүргізілді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved