Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қырғызстаннан кіргізілетін бақылаудағы өнімге қатысты ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауын күшейту бойынша ақпарат

Қырғызстаннан кіргізілетін бақылаудағы өнімге қатысты ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауын күшейту бойынша ақпарат

1.Ветеринариялық бақылау бойынша
Қазақстан-қырғыз шекарасында ветеринариялық бақылау жоспарлы түрде атқарылуда. Осы уақытта 8 шекаралық бекеттерде 32 инспектор ветеринариялық бақылауды іске асыруда.
Сонымен бірге, кіргізілген қырғыз өнімдердің құрамында тағайындалған жерлерінде тыйым салынған және ластаушы заттарды (антибиотиктер, микроорганизмдер, ауыр металлдардың тұздары және т.б.) анықтау бойынша бақылау бұрынғы тәртіпте жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күнге Қазақстанға өз өнімін кіргізуге құқығы бар кәсіпорындар тізімінде (ЕАЭО кәсіпорындар Тізімі) 25 қырғыз кәсіпорны тіркелген, оның ішінде:
15 – сүт өндейтін;
8 – балық өндейтін;
2 – дайын ет өнімдерін өндіруші кәсіпорын.
Осы күнге 5 қырғыз сүт өндейтін кәсіпорынға қатысты Қазақстанға өнімді кіргізуге тыйым салынған (одан бұрын кәсіпорындарды инспекциялау және кіргізілетін өнімнің мониторингі кезінде бұзушылықтар анықталды).
Кейбір өнім түрлері бойынша 2 қырғыз кәсіпорынға күшейтілген зертханалық бақылауы енгізілген (өнімнің әр партиясынан сынамалар зертханалық талдауға жолданады).
13 қазан күні «Қарасу» бекетінде «Риха» ЖШС-нің (Шу облысы) шұжық өнімі тиелген бір көлік тоқтатылды. Өнімге берілген ветеринариялық сертификат рәсімдеуінде бұзушылық анықталды, жүк иесіне – 226 900 теңге (100 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды, жүк кері қайтарылды.
Қырғыз тауарлардың кіргізілуі мен транзиті төмендеуі байқалуда.

2. Фитосаниариялық бақылау бойынша
Бақылау және белгіленген бекеттеріндегі фитосанитариялық бақылауды күшейту сәтінен бастап жалпы салмағы 821,4 тонна, 332 текше метр (ағаш материалдары) карантинге жатқызылған өнімі бар 117 жүк автокөлігі тексеруден өтті.
Оның ішінде шекарада 93 автокөлік – 650,4 тонна өнім, 332 текше метр ағаш материалдары, белгіленген бекеттерде – 24 автокөлік – 172 тонна өнім.
15 бұзушылық фактісі анықталды.
Оларға қатысты келесі шаралар қабылданды:
14 факті бойынша – жүк Қырғызстанға қайтарылды, оның ішінде:
-1 факт бойынша карантинді объект Комсток сымыры анықталған;
-2 факт бойынша айыппұл салынды.
1 факт бойынша – айыппұл салынды.
Кері қайтарылған өнімнің жалпы салмағы – 105,1 тонна.
Айыппұлдың жалпы сомасы – 68 мың теңге.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus