Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Сәйкес шаралар

Сәйкес шаралар


2018 жылғы 28 қыркүйекте Россельхознадзордың сайында Ресей Федерациясына өсімдік өнімдерін экспорттаушы өндірушілердің тізімінде жоқ деген себеппен (15 тонна картоп өнімі, 40 тонна қауын) 3 автокөлік карантиндік өнімі Қазақстан аумағына қайтарылды деген ақпарат жарияланған.
Ресей Федерациясына өсімдік өнімдерін экспорттаушы өндірушілердің тізімінде жоқ деген себеппен карантиндік өнімді қайтару заңсыз.
Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік өнімдердің нормативтік құқықтық актісі аясында өсімдік өнімдерін экспорттаушы өндірушілердің тізімі қарастырылмаған.
Сонымен қатар, қарастырылмаған заңдылық талаптарына байланысты өнімдерді қайтару сыртқы экономикаға қызмет көрсетушілерге қысым көрсету болып табылады.
Карантиндік өнімдерді қайтару немесе жою туралы нақты жағдайларға байланысты, Шекаралық одақ Комиссиясының шешімімен 2010 жылғы 18 маусымда Еуразиялық экономикалық одақтың шекаралық аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі туралы № 318 Ережесі бекітілген.
Сондай-ақ, 2016 жылғы 30 қарашада бекітілген Еуразиялық экономикалық Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік фитосанитариялық талаптарының бірыңғайлылығы туралы № 157 шешімінде, карантиндік өнімдерді тасымалдау кезінде кәсіпорынның көрсетілген тізіліміне енгізілу талаптары көрсетілмеген.
Россельхознадзорға қазақ-ресей шекарасындағы карантиндік өнімдер бойынша инспекторлардың заңсыз әрекеттері туралы арнайы хат жолданатын болады.
Егер, өсімдік өнімдерін экспорттаушы, өндірушілердің тізімінде жоқ деген себеппен өнімдер қайтарылған жағдайда, Қазақстан Ресей Федерациясынан өнім тасымалдаушыларына да осындай шараларды қолдануға мәжбүр болады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved