Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Гүл трипсі бар раушан гүлдері өртеледі

Гүл трипсі бар раушан гүлдері өртеледі

Астана қ. бойынша ҚР АШМ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Нидерландыдан әкелінген 389 дана залалданған раушан гүлін анықтады.
«Астана Халықаралық Әуежайы» фитосанитариялық бақылау бекетінде карантиндік тексеру кезінде гүлдерден нұсқалар алынып Республикалық карантиндік зертханаға жіберілді. Сараптама нәтижесі бойынша гүлді трипс анықталды.
Карантиндік объектілермен залалданған өнім кеден, экология өкілдері мен жүк иесінің қатысуымен өртеу арқылы жойылады.
Анықтама – қазіргі таңда батыс (Frankliniella occidentalis) гүл трипсі жабық жерде өсірілетін гүлді, декоративті, көкөніс дақылдарының аса қауіпті зиянкесі болып табылады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus