Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері!

Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері!

157

Сiздердi төл мерекелеріңіз – ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң күнiмен құттықтаймын!

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында келіп отырған айтулы мереке – ауыл шаруашылығы өндірушілері – барлық диқандар мен мал өсiрушiлерінің күні ғана емес, жалпы ауыл халқының ортақ мейрамы.

Елдігімізді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтқан осы жылдардың ішінде ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдау мен сындарлы саясаттың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшкеайналды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда», – дей келе,  еліміздің ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі державаға айналуы керектігін атап өткен еді.

Бүгінде осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нарыққа қажетті бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ету жолға қойылуда. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешеніндамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Мұның аясында мал шаруашылығының тиімділігін 55%-ға және өсімдік шаруашылығының тиімділігін 40%-ға арттыру, тауарлы өндіріске 650 мыңнан аса ұсақ өндірушіні тарту және өнімдерді өткізу мен өңдеудің пәрменді жүйесін құру үшін ауқымды ауыл шаруашылығы кооперацияларын құру қарастырылуда.

Биыл егемендік тарихында тағы да бір рекордтық деңгейде астық жиналды. Оның жалпы жиыны 24 миллион тоннаға жуық. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі ұлғайып, мал басы саны артты.  Отандық өнімдерді экспорттау 3 еселеніп, жаңа жүйесі қалыптасты. Агроөнеркәсіптік кешендегі инфрақұрылым жетіле түсті. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша 9 айда ауыл шаруашылығы саласы өндірістік салалар арасында алдыңғы қатарға шықты.

Осындай айтулы жетістіктерге жетуімізге атсалысып, аянбай тер төккен баршаңызға айрықша ризашылығымызды жеткіземіз!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қамбаларыңызға астық толып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін.

Тәуелсіздігімізді баянды етіп, қуатты ел құру жолында бірлесіп атқаратын іс-қимылда қажымас қайрат, мұқалмас жігер, айтулы табыстар тілеймін!

 

Ізгі ниетпен,
ҚР Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ауыл шаруашылығы министрі                                  А.Мырзахметов

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus