Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Құрметті қазақстандықтар

Құрметті қазақстандықтар

Баршаңызды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке мемлекетіміздің даму бағдарын айқындап, барлық Заң негіздердің бастауы болып отырған Ата заңымыздың орынын тұғырлайтын және мемлекеттік мерейімізді асыратын күн.

Осыдан ширек уақыт бұрын жалпыхалықтық Референдумда қабылданған маңызды құжат тәуелсіздіктің қалыптасуы жылдарында дербес те дара елдігіміз бен бірлігіміздің берік іргетасын қалады, сондай-ақ, айтулы табыстар мен алға қойылған мақсаттарға жетудің кепіліне айналды.

Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта тұғырлы орынға жайғасып, үдемелі даму көрсеткіштеріне қол жеткізгені осының жарқын дәлелі және ұлттық құқықтық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Конституция қағидаларын басшылыққа алып, оларды бұлжытпай орындау арқылы халқымыздың демократиялық, зайырлы, құқықтық-әлеуметтік мемлекет пен өркениетті қоғам құратынына сеніміміз кәміл.

Тарих үшін де, болашақ үшін де символдық мәнге ие, мерейлі мейраммен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, өскелең ұрпақ игілігі жолындағы істеріңізге толайым табыс тілеймін!

Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары —
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі
Асқар Мырзахметов

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus