Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Құрметтi ауыл шаруашылығы еңбеккерлері!

Құрметтi ауыл шаруашылығы еңбеккерлері!

Сiздердi төл мерекелеріңіз – ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң күнiмен құттықтаймын!

Елдігімізді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтқан осы жылдардың ішінде ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Агроөнеркәсіптік кешен экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс», – дей келе, агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттайтын өңірлік державаға айналуы керектігін атап өтті.

Бүгінде осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нарыққа қажетті, бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ету жолға қойылуда.

Қабылдаған шаралардың нәтижесінде жиналған 22 миллион тонна астықтың сапасы жоғары. Ауыл шаруашылығы дақылдарының, оның ішінде нарықта сұранысы үлкен өнімдердің егіс көлемі ұлғайып, мал саны артты.

Осындай жетістіктерге жетуімізге атсалысып, тер төккен баршаңызға ризашылығымызды жеткіземіз.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Қамбаларыңызға астық толып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін!

Тәуелсіздігімізді баянды етіп, қуатты ел құру жолында бірлесіп атқаратын іс-қимылда қажымас қайрат, толайым табыстар тілеймін!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика