Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Ресурстарды үнемдегісі келмейтін шаруаларға субсидия берілмейді

Ресурстарды үнемдегісі келмейтін шаруаларға субсидия берілмейді

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов ылғалды сақтау және ресурс үнемдеу технологияларын қолданбайтын шаруаларға әкімшілік шаралар қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Министрліктер мен әкімдіктер ылғалды сақтау және ресурс үнемдеу технологияларының қолданылу аясын арттырып, мемлекеттік қолдау шараларын тезірек анықтауы қажет. Бұл, әсіресе, әртараптандыру мәселесіне қатысты айтылып отыр. Мұнда біз нарықтық механизмдермен қатар, әкімшілік шараларды да қолданғанымыз жөн», – деді С.Ахметов.

Үкімет басшысы өсімдік шаруашылығында ресурс үнемдеу мен ылғалды сақтау технологиясын қолданғысы келмейтін шаруаларға субсидия бөлмеуді ұсынып, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа бұл мәселелерді ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Диана Құлмағанбетова 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus