Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ресей Федерациясынан әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтары

Ресей Федерациясынан әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтары

2017 жылдың мамыр айының 19-26 аралығында Ресей Федерациясы аумағынан әкелінген жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеріп қарау барысында Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың бұзылуы бойынша 7 фактісі, оның ішінде карантинге жатқызылған өнім ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінгені анықталды.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 38,9 тонна (20 тн жеміс, 18,9 тн шым тезек) және 142,2 текше метр кесілген ағаш дайындамалары Ресей Федерациясының аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus