Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ресей Федерациясынан әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің өсімдік карантині саласындағы заң бұзушылықтары

Ресей Федерациясынан әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің өсімдік карантині саласындағы заң бұзушылықтары


2017 жылғы наурыз айының 24-31 аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторларымен Ресей Федерациясы аумағынан әкелінген жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеріп қарау барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың бұзылуы бойынша 14 фактісі анықталды.

Келесі карантинге жатқызылатын өнімдер: 18 тонна азықты күнбағыс, 20 тонна бидай, 144 тонна көкөніс пен жемістер (қырыққабат, картоп, апельсин), 47,1 текше метр кесілген ағаш дайындамалары, 5050 дана көшет және гүл кесінділері, 50 кг гүл және көкөніс тұқымдары республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Карантинге жатқызылатын өнімдер жалпы салмағы – 144 тонна және 47,1 текше метр Ресей Федерациясының аумағына қайта қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus