Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тракторларды тіркеу, қайта тіркеу

Нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тракторларды тіркеу, қайта тіркеу

«Нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

 

   1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалаларының) инспекциялары ұсынады (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар).
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 шілдедегі Заңының 1-бабының 4) тармақшасы және «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 (бұдан әрі – Стандарт) қаулысы негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық паспортты және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып, машиналарды тіркеу, қайта тіркеу не дәлелді бас тарту болып табылады.

 

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

6. Аумақтық инспекцияның орналасқан жері мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлардан алуға болады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz орналастырылады.
8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағанда айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметтін тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
9. Стандарттың 11-тармағында айқындалған дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау аумақтық инспекцияның бір жауапты қызметкері жүзеге асырады.

 

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

 

11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзінің келуі арқылы жүзеге асырылады.
12 Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде аумақтық инспекцияның маманы қатысады.
14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі – ҚФБ) бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

 

  «Нөмірлік тіркеу белгілерін бере
отырып, тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен механизмдерді,
монтаждалған арнайы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда, олардың
тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл
шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі
жоғары арнайы машиналарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша

 

 Таблица. ҚФБ іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы

 

 

Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысының, жұмыс ағынының)

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

2 ҚФБ атауы мемлекеттік техникалық инспекция мемлекеттік техникалық инспекция мемлекеттік техникалық инспекция
3 Әрекеттің (процестің, рәсімнің, операияның) атауы мен оның сипаттамасы Өтініш берушінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру Арнайы есеп бойынша тексеру және көлік құралдарының агрегаттарың салыстырып тексеру техникалық паспортты және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін жасау не дәлелді бас тарту
4 Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдық-өкімгерлік шешім) Кіріс құжаттар журналында тіркеу Тіркеу кезіндегі байқау актісі техникалық паспортты және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру не дәлелді бас тарту
5 Орындау мерзімдері 30 (отыз) минуттан аспайды Күнтізбелік 15 күн ішінде 30 (отыз) минуттан аспайды

 

  «Нөмірлік тіркеу белгілерін бере
отырып, тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен механизмдерді,
монтаждалған арнайы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда, олардың
тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл
шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі
жоғары арнайы машиналарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша

 

 Функционалдық өзара іс-қимыл жасау сызбасы рисунок каз

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus