Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары       көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  • «электрондық үкіметтің» www.egov.kz  веб-порталы

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақылы

Қызметті көрсету мерзімі

күнтізбелік 15 (он бес) күн

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
      машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) тіркеу пункттеріне мыналарды ұсынады:
      осы стандартқа 1 немесе 2 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке тұлғалар үшiн – өтiнiш берушiнiң жеке басын және мекенжай анықтамысы куәландыратын құжаттың көшiрмесi және түпнұсқасы;
      заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;
      көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін немесе мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алымдар төленгені туралы құжат;
      мынадай жағдайларды қоспағанда, машина:
      кәдеге жаратылса (жарамсыз болса, есептен шығарылса);
      машиналарды тіркеу пунктіне байқауға алып келуге кедергi болатын объективті жағдайлар болса (бұзылып қалу, габариті және (немесе) техникалық сипаттамасы мүмкіндік бермесе), машинаның тұрған жерi бойынша инженер-инспектор жасаған машиналарды техникалық байқау актісін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте мұндай актiнiң жарамдылық мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды;
      шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру) түпнұсқасы немесе көшірмесі, соттың шешiмi немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар немесе мәміленің қарапайым нысаны, ал шаруа (фермерлік) қожалықтарын қоспағанда, жеке тұлғалар арасында жасалған мәміле жағдайында – мәміленің қарапайым нысаны.
      машинаның тiркеу құжаты және нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баждың төленгенін растайтын құжат;
      жаңа және қолдан құрастырылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген машиналарға берiлген Қазақстан Республикасының сәйкестiк сертификаты немесе оның қауiпсiздiк техникасының белгiленген талаптарына сәйкестiгiн растайтын басқа да құжат;
      мемлекеттік кіріс органы куәландырған тауарға арналған декларациясының қөшермесі (кедендік декларация)
2) портал арқылы жүгінген кезде:
      осы стандартарының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш;
      машинаны тіркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру.

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

  «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011766#z39

Қызмет стандарты

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген не дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі өтінім берген тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналасқан басшының блогына жүгіну арқылы беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағым құзыретіне шағымдағы мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамның атына беріледі. Шағымда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне шағымданатын лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шағымды қарау мерзімі:
шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus