Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Тракторларды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу

Тракторларды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу

 

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

 

   1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалаларының) инспекциялары ұсынады (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар)
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 шілдедегі Заңының 1-бабының 4) тармақшасы және «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 (бұдан әрі – Стандарт) қаулысы негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі сенімхатты тіркеу немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

 

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

6. Аумақтық инспекцияның орналасқан жері мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлардан алуға болады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz орналастырылады.
8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
9. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау аумақтық инспекцияның бір жауапты қызметкері жүзеге асырады.

 

   3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

 

11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзінің келуі арқылы жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Стандарттың
11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне аумақтық инспекциясының маманы қатысады.
14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі – ҚФБ) бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

 

  «Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздігінен жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен жүретін
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі
жоғары арнайы машиналарды сенімхат
бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша

 

 Таблица. ҚФБ іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы

 

 

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, жұмыс ағынын) №

1

2

2

ҚФБ атауы Инженер-инспектор Инженер-инспектор

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциясын) атауы мен оның сипаттамасы Өтініш берушінің құжаттарын қабылдау және тексеру Сенімхаттарды тіркеуін жасау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдық-өкімгерлік шешім) Кіріс құжаттар журналында тіркеу Сенімхаттарды беру

5

Орындау мерзімдері 30 (отыз) минуттан аспайды 1 күн ішінде

 

  «Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздігінен жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен жүретін
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі
жоғары арнайы машиналарды сенімхат
бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша

 

 Функционалдық өзара іс-қимыл жасау сызбасы

 

 

 

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 06-4/228 бұйрығына
5-қосымша

 

   «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына  куәлiктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

 

   1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1- бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалаларының) инспекциялары көрсетеді (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар)
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 шілдедегі Заңының 1-бабының 4) тармақшасы және «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 (бұдан әрі – Стандарт) қаулысы негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі тракторшы-машинист куәліктерін беру немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

 

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

6. Аумақтық инспекцияның орналасқан жері мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлардан алуға болады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz орналастырылады.
8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап аумақтық инспекция бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады, бірақ 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
9. Стандарттың 11-тармағында айқындалған дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау аумақтық инспекцияның бір жауапты қызметкері жүзеге асырады.

 

   3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

 

11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзінің келуі арқылы жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) іске қосылған:
инженер-инспектор;
емтихан комиссиясы.
14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір ҚФБ бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

 

  «Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк
және жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi
жоғары арнайы машиналарды жүргізу
құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша

 

 Таблица. ҚФБ іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы

 

 

Негізгі процестің іс-қимылдың (барыстың, жұмыс ағынының)
1

Іс-қимылдың (барыстың, жұмыс ағынының) №

1

2

3

2 Құрылымды функционалды бірліктің атауы Инженер-инспектор Емтихан комиссиясы Инженер-инспектор
3 Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы мен оның сипаттамасы Өтініш берушінің құжаттарын тексеру және қабылдау Емтихан қабылдау Жүргізуші куәлігінің беру
4 Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдық-өкімгерлік шешім) Кіріс құжаттар журналында тіркеу Жүргізуші куәлігін рәсімдейді Тізімдегі өтініш берушінің қолы
5 Орындау мерзімдері 30 (отыз) минуттан аспайды 30 жұмыс күн ішінде  

 

  «Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк
және жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi
жоғары арнайы машиналарды жүргізу
құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша

 

 Функционалдық өзара іс-қимыл жасау сызбасырис2к

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus