Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары       көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  • «электрондық үкіметтің» www.egov.kz  веб-порталы

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

       1 (бір) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

     1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
     
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      жеке басты куәландыратын құжат, ал өкілі – оның өкілетін растайтын құжат және жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік басқаруға құқығына арналған сенімхат;
      2) порталға жүгінген кезде:
     
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

     көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көлік басқаруға арналған сенімхатқа мөртабан қою
    

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

  «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011766#z17

Қызмет стандарты

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген не дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі өтінім берген тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
2. Шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналасқан басшының блогына жүгіну арқылы беріледі.
3. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
4. Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағым құзыретіне шағымдағы мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамның атына беріледі. Шағымда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
Шағымды «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz арқылы жіберген кезде шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені,орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
5. Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шағымды қарау мерзімі:
шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus