Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Тракторлардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру

Тракторлардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру

«Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

 

   1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 – бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалаларының) инспекциялары ұсынады (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар)
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 4-бабының 1-тармағы және «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 (бұдан әрі – Стандарт) қаулысы негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру не дәлелді бас тарту болып табылады.

 

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

6. Аумақтық инспекцияның орналасқан жері, мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлардан алуға болады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz орнатылады.
8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағанда айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
9. Стандарттың 11-тармағында айқындалған дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау аумақтық инспекцияның бір жауапты қызметкері жүзеге асырады.

 

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

 

11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзінің келуі немесе сенімхат негізінде әрекет ететін уәкілетті өкіл арқылы көрсетіледі.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне аумақтық инспекциясының маманы қатысады.
14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір құрылымдық-функцоналдық бірлік (бұдан әрі – ҚФБ) бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

 

  «Тракторлардың және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен механизмдердің,
монтаждалған арнайы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда, олардың
тіркемелерінің, өздігінен жүретін
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылысы машиналары мен
механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі
жоғары арнайы машиналардың кепілін
тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктер беру» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 1-қосымша

 

 Таблица. ҚФБ іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы

 

 

1

Әрекетің (жұмыс барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

2

ҚФБ атауы

Инженер-инспектор

Инженер-инспектор

3

Әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы мен оның сипаттамасы Өтініш берушінің құжаттар пакетін тексеру және қабылдау Кепілін тіркеуді жасау, не дәлелді бас тарту
4 Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдық-өкімгерлік шешім) Кіріс құжаттар журналында тіркеу, өтініштің көшірмесіне белгі қойылады Машинаның кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, не дәлелді бас тарту
5 Орындау мерзімдері 30 (отыз) минуттан аспайды 2 жұмыс күн ішінде

 

  «Тракторлардың және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен механизмдердің,
монтаждалған арнайы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда, олардың
тіркемелерінің, өздігінен жүретін
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылысы машиналары мен
механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі
жоғары арнайы машиналардың кепілін
тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктер беру» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 2-қосымша

 

 Функционалдық өзара іс-қимыл жасау сызбасы

 

 

рис1к

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus