Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ғалымдар аграрлық ғылым және білім беруді реформалау мәселелерін талқылады

Ғалымдар аграрлық ғылым және білім беруді реформалау мәселелерін талқылады

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ғалымдар отандық аграрлық ғылым және білім беруді реформалау мәселелерін талқылады. Жиналысқа Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ҚазАгроИнновация» АҚ ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері, Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басшылары қатысты.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін және оның халқаралық ғылыми-білім беру қоғамдастығымен ықпалдастыруды қамтамасыз ету, елдің агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық дамуының тиімді жүйесін құру мақсатында Министрлік құрамына республиканың үш ЖОО-ны берілді: «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» РМК, «Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» РМҚК.
Жиын барысында бiрқатар мәселелер талқыланды, оның ішінде:
– жаһандық ғылыми қауымдастыққа басым бағыттар аясында күш-жігерді шоғырландыру және ықпалдастыру, ғылыми және білім беру процестерін терең және тиімді ықпалдастыру, дербестікті қамтамасыз ету бөлігінде университеттік жүйені басқарудың басыңқы өзгерістерді анықтау;
– ҒЗИ және ТӨШ жүйесінде бірыңғай ғылыми-техникалық және білім беру саясатын әзірлеу;
– ғылыми-кәсіби білімдерді генерациялау және агроөнеркәсіптік кешенінің жоғары білікті кадрларын даярлау үшін білім беру және ғылыми мекемелердің тиімді академиялық ортасын қалыптастыру;
Аграрлық ғылым және білім беруді реформалау:
– аграрлық өндірістің, ғылымның және кадрларды даярлаудың тиімділігін арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенінің ғылыми-білім берудің инновациялық жүйесін құру;
– әлемдік деңгейде аграрлық ғылым мен білім берудің инфрақұрылымын
дамыту және оның тиісті түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
– ғылыми-техникалық ізденістің, білім беру және инновациялық процестердің барлық қатысушылары арасындағы тиімді қарым-қатынасына қол жеткізу;
– агроөнеркәсіптік кешені саласында тауар өндірушілермен мемлекеттік-жеке
меншік әріптестікті және аграрлық кадрларды нысаналы даярлауға мүмкіндік береді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
8 (7172) 555-765
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus