Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Елімізде көкөністің бағасы неге қымбат?

Елімізде көкөністің бағасы неге қымбат?

702e8cd1e10684e265af9a29f90894e2_XL Қыс ортасында ірі қалалардағы дүкендер мен базарларда қияр мен қызанақтың бағасы шарықтап кетеді.
Ал жылдың осы мезгілінде көкөністің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылыжайлардан жеткізіледі. Бүгін сондай кешендердің бірін аралап көрген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осы мәселенің түп-төркінін анықтауға тырысты. Мәселен, былтыр қиярдың бір келісін орташа есеппен 180 теңгеден саудалағанжылыжайдәл қазір келісін 400-420 теңгеден сатып жатыр. Астанаға дейін жеткенше әр келісіне 20 теңге жол шығыны қосылады. Оған арадағы алып-сатарларды қосыңыз. Сонда елордаға жеткенше бағаның біраз шарықтайтыны айтпаса да түсінікті. Ал көктем шыға, баға біршама арзандайды. Өйткені ол кезде өңірдегі мың гектардан асатын жылыжайдағы қияр мен қызанақ жаппай пісіп-жетіле бастайды.
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
– Арадағы делдалдардың болуы, сауданың дамымағандығы, логистиканың дамымағандығы біздің тауар өндірушілерге де және қаланың тұтынушыларына да үлкен зиян әкеліп отыр. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін айтқан кезде біз кешенді түрде қарауымыз керек.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus